Halyq Uni логотип
×

Шымкентте мас адамның жүргізушіні ұруы салдарынан автобус жолаушысы қаза тапты

Әйел басына тиген соққыдан жедел жәрдем жеткенше көз жұмған

 Халық үні 17.08.2024 | 00:16
Шымкентте мас адамның жүргізушіні ұруы салдарынан автобус жолаушысы қаза тапты
фото: Владислав Захаров

Шымкенттегі Cайрам тұрғын алабында мас адам №148 автобус жүргізушісін ұрған. Ал жүргізуші тежегішті бірден басып қалып, соның салдарынан көлік ішіндегі жолаушы әйел құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Есіктің алдында тұрған әйел басына тиген соққыдан жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Жүргізушілерді жолаушылардан оқшаулау әйнегін техникалық регламентке сәйкес орнату пысықталып жатыр, - деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев.

Полиция департаменті қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жұмысы басталғанын мәлімдеді. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама