Halyq Uni логотип
×

Қазақстан ЕАЭО арасында жалақыны көп алатын ел болды

Біздің елден кейін айлық мәселесі Беларусьте шешілген

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 11:04
Қазақстан ЕАЭО арасында жалақыны көп алатын ел болды
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында жалақыны ең көп алатын ел болды.

Еуразиялық экономикалық комиссиясының мәліметіне қарағанда, соңғы кезде айлық Қазақстанда тез өсіп жатыр. Одан кейін Беларусьте жалақыны көбейту мәселесі шешілген. Жалпы, биылғы I тоқсанындағы жағдайды алып қарасақ, орташа айлық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО-ның барлық елдерінде көбейген.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы - 285433 теңге. Атаулы жалақы индексі 2021 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 123,7%, ал нақты жалақы индексі 112,7%-ға жетті.

Мұнда орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс – 33,7%-ға, мемлекеттік басқару – 33,1%-ға, көлік және қоймалау – 30,4%-ға, ақпарат және байланыс – 26,6%-ға салаларында өскен. Білім беруде орташа айлық жалақы 21,7%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,1%-ға көбейген.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  619,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде 521,1 мың теңге (1,8 есе жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте  416,4 мың теңге (1,5 есе жоғары), ақпарат және байланыс саласында  415,5 мың теңге (сәйкесінше 1,5 есе). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде 144,1 мың теңге және өнер, ойын-сауық және демалыста 169,6 мың теңге болды.

Өңірлердің арасында ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында болып отыр. Бұл жерде орташа айлық -477,9 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе көп. Солтүстік Қазақстан облысында орташа айлық - 203,4 мың теңге. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,7% төмен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама