Анам дәріханадан келе жатқан, - дейді қызы
Алматыда белгісіз біреу егде жастағы әйелді соққыға жығып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 15 тамызда болған. Әлеуметтік желіде Алматы қаласының тұрғыны Елена Сафронова анасын бейтаныс адамның соққыға жығып, басын жарғанын айтып шағымданған.
8-шағын ауданда балалар алаңында менің анама нашақор шабуыл жасады. Басын жарып, әмиянын алып қашып кеткен. Оқиға 17:00 шамасында болған. Балалар алаңында тек балалар ойнап жүрген, ересек адамдар болмаған. Анам дәріханадан келе жатқан. Бейтаныс адам анамның артынан аңдып, ізіне түскен. Сосын қатты затпен басынан ұрған, - дейді тұрғын.
Жазба авторының айтуынша, қалада өрімдей жастар аулада есірткі қойып кетумен айналысады.
Жас жігіттер үнемі рюкзактармен келеді және кіреберістің жанына, ойын алаңдарына есірткі қойып кетеді. Содан кейін күндіз және түнде, тәулік бойы есірткі сатып алушылар аулаларды, көрінген жерді қазып, есірткі іздейді, - дейді Елена Сафронова.
Қалалық полиция осы оқиғаға қатысты түсінік берді.
Тонау фактісі бойынша Әуезов ауданының полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Оның жеке басы анықталды. Сонымен қатар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бұл тұрғыналапта құқықбұзушылықтарды анықтау және қылмыстардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Патрульдік полиция жасақтары күшейтіліп, жаяу патруль іске қосылды, - деп хабарлады ведомство.