Құтқарушылар 80 жастағы әйелді аман алып қалды
Қызылорда облысы Төтенже жағдайлар департаментінің құтқарушылары балық аулап отырып, дарияға батып кете жаздаған 80 жастағы әйелді судан алып шықты.
1942 жылы туған әйел дарияның жағасында балық аулап отырған. Айтуынша, ол аяғының астында өсіп тұрған тікенді жұлып алып тастамақ болған сәтте құлап кетіпті.
Сол маңайда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу өткізіп жатқан. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі жедел құтқару жасағының құтқарушылары жылдам әрекет етуінің арқасында әйелдің өмірін құтқарып қалды, – деді департамент өкілі.
Қарт балықшы Сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Бағдат Әлжанов пен бөлімше құтқарушысы Еркебұлан Оразбековке алғысын айтты.