Halyq Uni логотип
×

Елордада жасөспірім операция үстелінде көз жұмды

Бүгінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр

 Дәурен Ерболат 16.08.2024 | 16:48
Елордада жасөспірім операция үстелінде көз жұмды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада операция үстелінде 13 жастағы баланың көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтамын. Бүгінде сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес ресми хабарлама жариялаймыз, - деді Ержан Нұрлыбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама