×

Қызды өлімнен құтқарған астаналық марапатталды

Елорда әкімі оны мақтан тұтатынын жазды

 Динара Амантай 16.08.2024 | 15:50
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада қызды өрттен құтқарған тұрғын марапатталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездестім. Ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында болған өрттен қыз баланы құтқарып қалды. Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таңғалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз! – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама