Бүгінде ол ауруханаға жатқызылды
Екібастұз қаласында 5 жасар бала ацетон ішіп қойды, деп хабарлады Halyq Uni.
Оқыс оқиға 15 тамызда болған.
Осы күні сағат 16:51-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға жедел жәрдем қызметі шақырылды. Дәрігерлер 5 жасар балаға химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті, - деп жазылған денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Науқас қалалық ауруханаға жатқызылды.
Қызметтік тексеріс барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды. Осы сәтте бала бөтелкені алып, ондағы сұйықтықты ішіп үлгерген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады, - деп жазылған қалалық білім беру бөлімі таратқан хабарламада.