Ауыл дүкенінде қанттың келісі 920 теңгеден сатылған
Жергілікті халықтың қантты тұтыну көлемі – 12 мың тонна
Бұл шектен шығушылық әлеуметтік желіге жарияланып, Жамбыл ауылдық округының әкімдігі тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде дерек дәлелденіп, бағаны көтерген жергілікті дүкен анықталды. Бірақ сатушы 5 келі қораптағы қантты «DairyFood TC» серіктестігінен 4 250 теңгеге алғанын айтқан. Сонда келісіне 850 теңгеден келіп тұр. Сондықтан баға да қымбат деп түсіндірді.
Осы жайтқа байланысты Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хат жолданатын болды.
Жалпы ауданда бағаға бақылау күнара жүргізіледі. Жергілікті халықтың қантты тұтыну көлемі – 12 мың тонна. Ал қазір ең арзан бағасы келісіне 430 теңге болып тұр.