Ақтөбе облысында жолда қалған шетелдіктер құтқарылды
Олар Тәжікстаннан РФ-ға бара жатқан
Ақтөбе облысында құтқарушылар жолда көлігі сынып қалған шетелдіктерге көмектесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, өңірде шетелдіктер отырған көлік сынып, олар жолда қалған. Автомобильде барлығы 5 адам болған, оның үшеуі бала. Барлығы – Ресей азматтары.
Отбасыммен бірге жолға шыққамын, көлігіміз сынып қалды. Бізге тиісті көмек көрсетілді, - деді ресейлік.
Құтқарушылары оларды жақын маңдағы кемпингке эвакуациялады. Оларға медициналық көмек керек болмады.