×

Елордада 25 миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды

Бас бухгалтер ақшаны балаларды қолдау орталығынан ұрлаған

 Дәурен Ерболат 09.06.2022 | 10:37
Фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтанда 25 миллион теңге ұрлаған бас есепшіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сарыарқа ауданы №2 аудандық соты Балаларды қолдау орталығының бас есепшісі мен мердігерді ақша ұрлау дерегі бойынша кінәлі деп тапты. Бұл орталықта өмірде қиын жағдайда қалған балалар тәрбиеленген.

Орталықтағы А. есімді бас бухгалтер 2019-2020 жылдары азық-түлік жеткізу бойынша конкурста «Z» ЖШС-ға жеңіске жетуге көмектескен. Әйелдің мүддесін Н. есімді азамат, яғни оның бұрынғы күйеуі қорғаған. Олар тиісті азық-түлікті орталыққа жеткізбеген. А. және Н. есімді азаматтар жалпы 25 миллион 862 мың 132 теңге жымқырған, - деп жазылған сот таратқан хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-тармағы 2-бөлігі бойынша мұндай қылмыс үшін 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс бойынша сотталғандардың жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сотталушылардың кәмелетке толмаған 3 баласының болуы, әрі олардың 25 миллион 156 мың 51 теңге сомасында залалды өз еркімен өтеулеріне байланысты судья жазаны жеңілдеткен. Өтелмеген шығын сомасы – 301 мың 69 теңге.

«Сот залалды өз еркімен өтеуіне байланысты А. және Н. есімді сотталушыларды ұйымдарда бухгалтерлік есепті орындау және мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан 5 жылға айырды. Олар Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша шартты түрде 7 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Сотталғандарға пробациялық бақылау орнатылды», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама