Аудандық аурухананың қызметкері жауапқа тартылды
Жылыой ауданынының тұрғындары өздеріне берілуге тиіс тегін дәрі-дәрмектерді ала алмаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Аудандық прокуратура дәрігерлердің науқастарға тегін медициналық көмек беру міндеттерін елемеу фактілерін анықтады. Атап айтқанда, есепте тұрған тегін дәрі-дәрімек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылып, сондай-ақ тауар жеткізушімен дәрілік заттар уақтылы жеткізілмеген.
Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматқа 19 млн 155 мың 349 теңгеге 4 мың 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер берілді. Тұрғындардың конституциялық құқығы қалпына келтірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Аудандық аурухананың жауапты лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.