×

Өңірлерде Тамыз конференциясы басталды

Негізгі шара 21 тамызда ұйымдастырылады

 Қымбат Елтайқызы 15.08.2024 | 14:00
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды. Ал негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алғаш рет республикалық шара халықаралық саммит форматында білім саласындағы сарапшылар - халықаралық қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылады. Биыл саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Өңірлік конференцияларда дәстүрлі пленарлық отырыстар, интерактивті параллельді сессиялармен қатар, «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылады және цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтеді, - дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Панельдік секциялар мен пленарлық отырыс материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық Тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады деп күтіліп отыр. Оған 500 мыңнан астам педагог онлайн режимде қатысуға мүмкіндік алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама