Қару-жарақ та табылды
Түркістан облысында полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздерін тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады.
Тәртіп сақшылары Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тапты, – деп қосты ІІМ басылымы.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.