×

Маңғыстау облысында алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Оларға төленген жалақыларды бюджетке қайтару үшін сотқа шағым түсті

 Халық үні 15.08.2024 | 08:58
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Halyq Uni mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталған. Oблыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылып отыр.

Облыс педагогтерінің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым түсті, - деп жазылған білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама