Тергеу шеңберінде сараптамалар тағайындалды
13 тамызда Ақмола облысының Целиноград ауданында сұмдық жағдай болған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлеуметтік желілерде Астана қаласының 2002 жылы туған тұрғынының 6 жастағы қызды құрылысы аяқталмаған үйге кіргізіп, іш киімін шешкені жазылып жатыр.
Полицияның хабарлауынша, қазір осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі («Зорлау») бойынша тергеу басталған.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шеңберінде сараптамалар тағайындалды, - деп мәлімдеді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.