Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында полицейлер пара ретінде 200 дана жоңышқа алған

Осылайша, шаруа қожалығында мигранттардың заңсыз жүруіне жол берілді

 Халық үні 15.08.2024 | 07:00
Қызылорда облысында полицейлер пара ретінде 200 дана жоңышқа алған
фото: bonnefield.com

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі полицей 2 жылдан жаза арқалады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің территориясында Өзбекстан азаматтары жұмыс істеп жүрген.

Қармақшы аудандық сотының мәліметінше, полицейлердің бірі еңбек мигранттарына жалпы қамқорлығы үшін шаруа қожалығы төрағасының көмекшісінен заңсыз сыйақы алуға бел буған.

Осылайша, шаруа қожалығының басшысы полицейлердің екеуіне де 200 данадан престелген жоңышқа шөбін пара ретінде берген. Салдарынан жәбірленуші А.-ға 160 мың теңге мүліктік шығын келген, - делінген хабарламада.

Н. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара берушінің пайдасына жасалған қамқорлығы үшін пара алса, Қ. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына жәрдемдесіп, әріптесінің пара алуына көмектескен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама