×

Атырауда балық қырылды: құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр

Еліміздің батысында шабақтар әлі құтқарылып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 14.08.2024 | 16:30
фото: АШМ

Қазіргі таңда 340 мыңнан аса балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ БШК Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен, 5546 әскери бөлім сарбаздары және балық шаруашылығы субъектілері қызметкерлерімен бірлесіп, Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын «Маломокрый» арнасынан 154 мың 600 дана балық шабағын құтқарды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сондай-ақ «Соколок» арнасынан 186 мың дана балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама