ГМ-172/8 мекемесінде ертегі терапиясы тренингі өтті
Маңғыстау облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі сотталғандар ертегі терапиясы бойынша тренингтен өтті.
ГМ-172/6 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыстары бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог маманы әділет капитаны Камшат Саипова ертегі көру әдісі арқылы сотталғандардың ойы бөлініп, өздерінің ой-өрісін жақсартып, ертегі кейіпкерлері арқылы жағымды қасиеттеріне тұжырым жасайтынын айтты. Ертегіден алған жағымды әсер арқылы олар өз пікірімен бөлісіп, сөйлеу мәнерін қалыптастыра алады. Сондай-ақ өз ойларын ашық айту қабілеттілігін арттырады.
Оның айтуынша, бұл тренинг сотталғандардың өмірге деген құлшынысын арттырып, болашақта қайта қылмыс жасамай, дұрыс өмір сүруіне ықпал етеді.
Ересек өмірде көптеген адамдар өздерінің эмоционалдық көріністерінен ұялып, оларды мүмкіндігінше терең жасырады. Бірақ эмоциялар жоғалып кетпейді, жойылмайды да. Олар біздің ішімізге жиналады, ал ертегі оларды босатуға мүмкіндік береді және бұл өздеріне нақты жол көрсетеді, – дейді маман.
Психолог тренинг барысында «Менің бойымдағы қорқыныш», «Қоғамда өз орнын таппау», «Психосоматикамен жұмыс», «Өз-өзін бағалау деңгейінің төмендеуінен айналадағы адамдармен қарым-қатынастардың төмендеуі» тақырыптарын қамтыды.