Шал, Зиян келтірме және Қарыздағы өмір: дәрігерлер науқастарға жазылуға көмектесетін шығармалар тізімін жасады

Динара Амантай

Олар миды жұмыс істетіп, ынталандырады

Коллаж: Halyq Uni

Президент әкімшілігі Ұлттық госпиталінің дәрігерлері науқастардың сауығып кетуге көмектесетін фильмдер мен кітаптардың тізімін жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандардың айтуынша, кино, әдебиет секілді өнердің кез келген саласы адамзатты дамытып қана қоймай, сонымен бірге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Миды жұмыс істетіп, ынталандырады, сондай-ақ ауруды емдей де алады.

Осыған байланысты, дәрігерлер емдік қасиеті бар фильмдер мен кітаптардың тізімін жасады. Олар сауықтыру үшін науқастарға қосымша ем ретінде ұсынылады.

Фильмдер:

  1. «Аспан есігін қағу» (1997 жыл) –  ауырып, үміт оты сөнген кезде де армандардың орындалатыны туралы культтік трагикомедия.
  2. «Шал» (2012 жыл) – «Теңіз бен шал» туындысының қазақы нұсқасы деуге болады. Басты кейіпкер далада адасып, қасқырларға тап болады.
  3. «Қол тигізбейтіндер» (1987 жыл) – арнайы агенттер мен мафия арасындағы текетірес туралы нақты оқиғаларға негізделген фильм. Детективтік драма әділдік іздеуде ешқашан берілмеу керектігін үйретеді.
  4. «Құдайдың жаратылысы» (2004 жыл) – қырқыншы жылдары тәжірибелі хирург пен қара нәсілді лаборанттың медицинада төңкеріс жасағаны жайлы фильм.
  5. «1+1» (2011 жыл) – креслоға таңылған миллионер мен әлеуметтік қызметкер ретінде ақша тауп жүрген көше бұзақысының қарым-қатынасы туралы шынайы оқиғаға негізделген француз комедиясы.
  6. «Қызыл білезіктер» (2014 жыл) – ауруханаға түскеннен кейін жаңа достар тауып, махаббатын жолықтырған жасөспірім қыз туралы телехикая.
  7. «Уолтер Миттидің керемет өмірі» (2013 жыл) – бір батыл қадамның көптеген өзгерістер тізбегіне бастайтыны жайлы фильм.
  8. «Invictus» (2009 жыл) – 1995 жылы Оңтүстік Африкада өткен регбиден әлем чемпионаты кезіндегі африкалық көшбасшы Нельсон Манделаның өмірінің бір сәті жайлы драма.
  9. «Мен қорапта ойнағанша» (2007 жыл) – түрлі әлеуметтік топтағы екі қарт адам туралы комедия. Олар қорқынышты диагноз туралы біліп, тамызғының астында жатудың орнына өз тілектерін орындауға аттанады.
  10. «Антарктида. Селфи» — Антарктидада өзінің соқыршегін алып тастаған хирург Леонид Рогозов туралы деректі фильм.

Кітаптар:

  1. Генри Марш «Зиян келтірме» – өмір, өлім және нейрохирургия туралы әңгіме. Нейрохирургтың жан сыры.
  2. Ханья Магикахара «Кішкентай өмір» – жазуға лайық өмір туралы әңгіме.
  3. Эрих Мария Ремарк «Триумф аркасы» – эмигрант хирургтың  махаббаты, достығы, кек алуы туралы культтік кітап.
  4. Олжас Сүлейменов «Солай болды» – тәуелсіздіктің 30 жылы ұлы ақын-жазушының көзқарасымен.
  5. Виктор Франкл «Өмірге иә деп айт» – адам төзгісіз концлагерьлерден аман қалған дәрігердің өмірбаяндық кітабы.
  6. Стивен Кови «Темекіні тастаудың оңай жолы» – жаман әдеттермен күресіп қана қоймай, адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне көмектесетін туындылардың бірі.
  7. Шамиль Аляутдинов «Ең ақылды және ең бай бол» – өзін-өзі дамытуға арналған мотивациялық кітап.
  8. Эрих Мария Ремарк «Қарыздағы өмір» – өліп бара жатқан науқас пен көлік жарысына қатысушының  арасындағы құмарлыққа толы махаббат хикаясы.
  9. Борис Полевой «Нағыз адам туралы хикая» – екі аяғынан айырылығананн кейін де жауынгерлік ұшақты басқараған ұшқыш Алексей Маресьев туралы өмірбаяндық кітап.
  10. Николай Островский «Құрыш қалай шыңықты» – көзі көрмейтін кеңес жазушысы мен революция ұрпағы туралы өмірбаяндық кітап.
  11. Шарлотта Бронте «Джейн Эйр» – BBC дің тұжырымы бойынша ішкі сұлулық сыртқы әдеміліктен де артық екендігі туралы кітап, әлемдік бестселлер тізімінде оныншы орында тұр.