АҚШ Қазақстанға тасқынның алдын алуға көмектеседі
Екі ел осы салада ынтымақтастық орнатты
Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ Геологиялық қызметімен ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министр Нұржан Нұржігітов Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен және Орталық Азиядағы USAID Экономикалық даму өңірлік кеңсесінің директоры Лаура Чизмомен кездесті. Тараптар су саласының түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп мәлімдеді Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ Геологиялық қызметімен (USGS) жерасты суларын барлау және зерттеу саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша бірнеше кездесу өткізгенін айтты. Бүгінгі таңда тараптар ынтымақтастық туралы келісімге келді және министрлік меморандум дайындап, келісу үшін USGS-ке жіберді, – деп қосыт ведомство.
Елші өз кезегінде америкалық тарап су тасқынының алдын алу және жедел ден қою, оның салдарымен күресу мәселесінде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Мәселен, елімізге АҚШ сарапшыларын шақыру арқылы қолдау көрсетуге ниетті.
Министр қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру мәселесіне жеке тоқталды. Елші мен USAID өкілдері отандық кадрларды оқытуға болатын түрлі халықаралық бағдарламалар туралы айтып берді.
«Біз су үнемдеу технологияларын енгізуден бастап жерасты суларын барлауға дейінгі барлық бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі Орталық Азия аумағындағы өңірлік бағдарламаларға белсенді қатысады. Сондықтан біздің министрлік екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті», – деді Су ресурстары және ирригация министрі.