×

Ақтауда WorldSkills Kazakhstan чемпионаты басталды

Жарыс әлемнің 83 елінде өткізіледі

 Динара Амантай 09.06.2022 | 09:40
Коллаж: Halyq Uni

Ақтауда жұмысшы мамандар арасындағы «Worldskills Kazakhstan 2022» VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Worldskills – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Ол 1946 жылдан бастап әлемнің 83 елінде өткізіледі.

Аймақтық чемпионат үш күнге созылады. Оған 22 колледжден 388 студент және 50 мектеп оқушысы, 12 балабақша тәрбиеленушілері қатысып жатыр. Олар 77 мамандық бойынша бақ сынасады.

Қатысушылардың жұмысын шамамен 420 сарапшы бақылайды. WorldSkills жобасы аясында Маңғыстау облысында балабақша тәрбиеленушілерін еңбекке баулу мақсатында өткен жылдан бастап «BabySkills Aktau» чемпионаты өткізіліп жатыр.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі - өңірде алғаш рет өскелең ұрпақты қазақ халқының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүріне, рухани және адамгершілік-этикалық құндылықтарына тәрбиелеу мақсатында Dalaskills байқауы өткізіледі. Онда балалар матаға сурет салу, Ұлттық құрақ өнері, киіз өнері, ұлттық тағамдар жасаудан жарысады.

I орын алған өңірлік кезеңнің жеңімпаздары «WorldSkills Kazakhstan» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алып, Нұр-Сұлтан қаласында бақ сынайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама