×

Google қазақстандықтың жобасына қолдау көрсетеді

Оның жобасы үздік деп танылған

 Дәурен Ерболат 09.06.2022 | 09:35
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық Әсел Беглинова кәсіпкерлерге қолдау көрсететін сервис ойлап тапқан. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Әсел есімді отандасымыздың стартап жобасы Канададағы Google for Startups тарапынан үздік деп танылуымен құттықтаймын!
Қазақстандық Әсел Беглинова Канадада кәсіпкерлерге көмектесетін сервис ойлап тапты. Оның стартабы Канада мен Америка Құрама Штаттарындағы жүздеген компаниялар арасында топ жарып, үздік атанды», - деп жазды министр Instagram-дағы парақшасына.

Сондай-ақ Бағдат Мусин Google for Startups акселераторы елордадағы Astana Hub-та жұмыс істейтінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама