Қызылорда облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты
Тағы 3 адам жарақат алды
Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқан. Сондай-ақ, үш адам жарақат алған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.