Ұлттық құрылтай Ұлытау өңірінде өтеді – Ерлан Қарин
Басты міндеті – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу
Ұлттық құрылтай 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде өтетін болды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді.
Оның айтуынша, жиынның басты міндеті – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу.
«Консультативтік-кеңесші органның құрамында Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен белгілі сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері болады», - деді Ерлан Қарин.