×

Максим Галкин өзін сынап жатқан ресейліктерге үндеу жолдады

Ол өз халқының кедейшілікте емес, молшылықта өмір сүргенін қалайтынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 08:57
фото: ашық дереккөз

Отбасымен Израильге көшіп кеткен ресейлік юморист әрі тележүргізуші Максим Галкин Instagram-да БАҚ өкілдеріне арнап видеоүндеу жариялады.

Ол өз сөзінде кейбір БАҚ өкілдерінің концерттерінен үзінді алып, өзін Ресейге қарсы етіп көрсетуге тырысып жатқандарын, осыған дейін 28 жыл бойы өнер көрсеткен кезде Ресейге еш жамандық жасамағанын айтты.

«Мен 28 жыл бойы Ресейге қатысты бірауыз жаман сөз айтқан емеспін. Соны есте ұстаңыздар, есте сақтаңыздар. Мен тек осы уақытта орыс халқын тонап жүрген алаяқтарды, саясаткерлерді, пропагандистерді, жемқор шенеуніктерді сынап, пародия жасадым. Сатирик ретінде бұған қақым бар. Қазірде солай істеймін. Менің қазіргі спектакльдерім осыған дейін Ресейдің көптеген қалаларында болған спектакльдерден еш айырмашылығы жоқ. Сіздер оның бәрін YouTube-тен көре аласыздар. Мен әрқашан халықтың жағында болдым.

Мен Ресей халқының кедейшілікте емес, байлықта, молшылықта, бейбітшілікте өмір сүргенін қалаймын. Сондықтан мен өз ісіммен әрқашан қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайлаланып, сүйікті Ресейімнің дамуына кедергі жасап жатқандарға шамам келгенше қарсы тұра беремін», - деді Галкин.

Ресейлік БАҚ Галкиннің видеосына қатысты әзірше жауап берген жоқ. Оған Симоньян, Соловьев секілді пропагандистердің жауап беруі мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама