×

Алматы облысында 200-ге жуық мигрант ұсталды

Бұл салада тағы заңбұзушылықтар анықталды

 Қымбат Елтайқызы 13.08.2024 | 09:49
фото: polisia.kz

Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өткен демалыс күндері Алматы облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтады, деп мәлімдеді Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен «Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығын тексерді.

Нәтижесінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 175 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – деді облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.

Статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі ел аумағына жұмыс істеу үшін кірген. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген. Осыған байланысты сақшылар көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

«Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және шетелдіктердің келуі туралы ішкі істер органдарына жеткізбеген жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылатынын ескертеміз. Олар мигранттың келгені туралы тікелей e-Qonaq электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы ақпарат бере алады», – деп толықтырды Жарықбасов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама