Halyq Uni логотип
×

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады

Бірқатар ауданға құрғақшылық қаупі төніп тұр

 Дәурен Ерболат 12.08.2024 | 17:07
Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады
Фото: Рixabay/ Jody Davis

Биыл тамызда 4 өңірде құрғақшылық болады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тамызда Қазақстан аумағында атмосфералық ылғалдану жағдайы республиканың солтүстігі, солтүстік-батысы және шығысындағы жекелеген аудандарда бірқалыпты болады.

Вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалған Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Құрғақшылық төмендегі өңірлерде күтіледі:

  • Алматы облысы Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;
  • Жамбыл облысы Мойынқұм және Талас аудандарында;
  • Қызылорда облысы Қармақшы ауданында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама