Halyq Uni логотип
×

Екі әйел алғысы келгендер ойлансын! – имам

Пайғамбарымыз ешқашан әйелдерін ұрып тәрбиелемеген

 Қанат Атаманов 09.06.2022 | 06:30
Екі әйел алғысы келгендер ойлансын! – имам
Фото: ашық дереккөздерден

Белгілі имам, діни ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы екі әйел алғысы келгендерге ақыл айтты. Ол мұны Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Айша анамыздың (үшінші әйелі) үйінде болған кезде Сафийа анамыз (он бірінші әйелі) тамақ пісіріп, беріп жіберген. Яғни, ол тамақ Айша анамыздың үйіне жеткізілді. Сол кезде Айша анамыз не істеді? Ашуға беріліп, әлгі тамақты төңкере салады. Сол кезде пайғамбарымыздың реакциясы қандай болды? Ол «Бүгін Айша ашулы екен ғой» деп төгілген тамақты теріп, жинай бастайды. Міне, қазір кім осылай істей алады? Пайғамбарымыз ешқашан әйелдерін ұрып тәрбиелемеген. Мейірімін төге білген, еркелеткен. Енді екі әйел алғысы келетіндер ойлансын!, - деді Қабылбек имам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама