Көпқабатты тұрғын үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанды
Елордалық өрт сөндіруші 15 жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Астананың Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған.
3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.