Камераға 11 рет түскен: жол ережесін бұзған павлодарлық жазаланды

Динара Амантай

Биыл 30 мыңға жңық жүргізуші жол ережесін бұзған

Фото: polisia.kz

Павлодарда жол ережесін бұзған ер адамға қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Оракул» жүйелерімен «Автоураган» интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді. Сонымен қатар «Кибер-шериф» аппараттық жүйелері қолданылады. Осы жылдың өзінде олардың көмегімен анықталған 30 мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жазаланды.

Мысалы, Audi көлігінің жүргізушісі ЖБО камерасына 11 рет түсіп қалған. Тәртіп бұзушы жылдамдықты шектен асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді бұл жүргізуші 300 мың теңге айыппұл төлеуі керек, – деді Павлодар қаласы ПБ жедел басқару орталығының басшысы Ренат Шамгунов.