Halyq Uni логотип
×

Қостанайлық досын өлтіріп, мүрдесін екі ай бойы үйінде сақтаған

Прокурорлар күдіктіге қатысты 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

 Қанат Атаманов 09.06.2022 | 00:00
Қостанайлық досын өлтіріп, мүрдесін екі ай бойы үйінде сақтаған
Фото: ашық дереккөздерден

Қостанай облысының тұрғыны былтырғы желтоқсан айында жолдасымен төбелесіп, оны темір құбырмен ұрып өлтірген.

Келесі күні мәйітті жазғы ас үйде жасырған. Туыстары мен полицейлердің жәбірленушіні іздеп жатқанын естіп, денені үйінен 300 метр жерде қармен көміп тастайды.

Прокурорлар күдіктіге қатысты 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот бұл талапты толық қанағаттандырды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа төрт миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

Алтынсарин аудандық соты қасақана адам өлтіргені үшін аудан тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленуші тарапқа мүліктік зиян мен моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама