×

«Түнімен ұйықтай алмаған» депутат Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады (ВИДЕО)

Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деп жазды ол

 Халық үні 11.08.2024 | 22:53
фото: видеодан скриншот

Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға КIA көлігі сыйға берілді, деп хабарлайды Halyq Uni inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Темір тұлпардың табысталған сәтін Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Ходжаназаров өз парақшасына жүктеді.

Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.

Түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл – намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек, - деп жазған еді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама