Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп нақты айта алмаймын, - деді ол
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ол кеше Олимпиаданың финалисі Ахмед Тажудиновтен, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңіліп қалған еді.
Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, қатты медаль алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты. Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті. Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп нақты айта алмаймын. Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын, - деді балуан.
Айта кетсек, ол Париж Олимпиадасында 97 келі салмақта белдескен болатын.