Halyq Uni логотип
×

Елімізде құрылыс саласы бойынша 3 мың бос жұмыс орны ашылды

Енді түлектердің бірыңғай хабын түзу қажет

 Халық үні 11.08.2024 | 21:26
Елімізде құрылыс саласы бойынша 3 мың бос жұмыс орны ашылды
фото: qazaqstan.tv

Елде 190-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы құрылыс саласы мамандарын дайындайды, деп хабарлайды Halyq Uni 24KZ-ке сілтеме жасап.

Алайда нарықтағы сұраныс мәселесі шешілген жоқ. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, краншы тапшы.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елдегі 20 мың студент құрылыс бағытында білім алып жатыр. Былтыр түлеп ұшқан 5 мыңға жуық маманның 91%-ы жұмысқа орналасқан. Алайда нарықтағы маман тапшылығы күн тәртібінен түскен жоқ. Қазірдің өзінде Enbek.kz порталына 3 мыңға жуық бос орын жарияланған. Әсіресе жол құрылысшылары, тас қалаушы, инженерлерге сұраныс көп.

Аймақтардағы маман тапшылығына қарай мемлекеттік тапсырыс беру қолға алынды. Енді түлектердің бірыңғай хабын түзу қажет. Бұл – Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығының ұсынысы. Ол тізімнен білікті мамандар мен нақты тапшылықты айқын көруге мүмкіндік болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама