Halyq Uni логотип
×

Елімізде көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылауға рұқсат етілді ме?

«Рұқсат етілді» деген ақпарат тағы тарады

 Қымбат Елтайқызы 11.08.2024 | 13:03
Елімізде көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылауға рұқсат етілді ме?
фото: Halyq Uni

«Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылауға рұқсат етілді» деген мәлімет жария болды. Ал Stopfake бұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ішкі істер министрлігі өзінің ресми сайтында әйнектерді қараңғылау бойынша талаптарды түсіндірді. Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова барлық жүргізушіге қатысы бар негізгі жайттарға тоқталды.

Біріншіден, жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша жабындардың болуына жол берілмейді. Оларға барлық пленка, перде, жапсырма жатады. Бұл талап тек алдыңғы әйнекке және алдыңғы бүйір әйнектерге қатысты.

Екіншіден, әйнектерді қараңғылауға және бояуға тек оларды дайындаған кезде ғана рұқсат етіледі. Себебі шыны жасайтын кәсіпорын оның жарық өткізгіштігін тексереді. Бұл кем дегенде 70% болуы керек және олар әйнекке сертификат береді.

Осылайша, алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектерді қараңғылау тек өндірісте дайындалады. Автокөлік жиналғаннан кейін пленкалар жабыстыруға болмайды. Бұл қағидалар жол қауіпсіздігін және жүргізушілер үшін көру аумағын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Қостанайда көліктердің әйнектерін қараңғылау туралы жалған мағлұмат таратқаны үшін блогерге айыппұл салынған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама