×

Көшпенділер ойындары: Астанада «Атқа міну дәстүрі» челленджі өтті

Әлемдік жарыс қарсаңында түрлі шара қолға алынып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 11.08.2024 | 12:59
фото: Астана әкімдігі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елорда маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде «Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Halyq Uni

Жылдың ең маңызды оқиғасы саналатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдауға және жобаны халық арасында насихаттау мақсатында құрылған бір топ елші айтулы шараның куәсі болды. Елшілер құрамында «Атбегілер мен шабандоздары» қазақстандық ұйымының төрағасы, Ұлттық спорт түрлерінен еңбек сіңірген жаттықтырушы, жазушы-публицист Сәдібек Түгел болды. Іс-шара алдында ол қатысушыларға ақ батасын беріп, кезекті республикалық «Атқа міну дәстүрі» челленджінің шымылдығын ашып берді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын барлық спортшыға шын жүректен сәттілік тілеймін. Сіздер қазақ халқының мақтанышы болып, ұлттық спортымызды әлемге танытады деген сенімдемін. Әрбір жарыста өз шеберліктеріңізді, батылдықтарыңызды және қажырлы еңбектеріңізді көрсетіп, еліміздің туын биікке көтерулеріңізге тілектеспін. Жеңісті сәттеріміз көп болып, ата-бабаларымыздың рухы сіздерге қуат берсін» - деді Сәдібек Түгел.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, айтулы шараға қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері және елімізге танымал бірқатар спортшы қатысты.

Айта кетейік, «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылып жатыр. Астананың бір топ елшісі күні кеше көкпардан өткен шеберлік сабағына арнайы қатысқан болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Бірлік керуені» жобасы аясында құрылған елшілер алдағы уақытта да елорда төрінде Ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстардың куәсі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама