Елордада рейстер тағы кешігіп жатыр – авиация комитеті түсінік берді

Қымбат Елтайқызы

Олардың кешігу себептері айтылды

фото: Halyq Uni

Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында кешіктірілген рейстерге қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

10 тамыз сағат 14:10-дағы жағдай бойынша, Астана әуежайына қонатын 9 рейс және ұшатын 6 рейс кешіктіріледі, рейстер тоқтатылған жоқ. Бүгін Астана-Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсі қозғалтқыш бөлшектерінің зақымдалуына байланысты 9 сағатқа кешіктіріледі. Алматыға FlyArystan әуе компаниясының рейсі 10 тамыз сағат 16:20-да ұшады деп жоспарланған, деп мәлімдеді комитет.

Жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ беріледі. Жолаушылардың бір бөлігі қонақ үйге орналастырылды, – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Астана қаласында болған ауа-райының қолайсыздығына байланысты Air Astana әуе компаниясының 4 әуе кемесі бұршақтың түсуі салдарынан зақымданған. Бұл өз кезегінде кейінгі рейстердің кідірісіне әкеп соқты.

Рейстер жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін кешіктірелетінін атап өткен маңызды.

Қазіргі уақытта Астана әуежайында Азаматтық авиация комитетінің, Авиациялық көлік прокуратурасының, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері рейстердің кешігу жағдайын бақылауға байланысты шұғыл шаралар қабылдап жатыр, – дейді ведомство.

Авиакомпаниялардың қызметкерлері жолаушыларға заңнамаға сәйкес рейстер туралы барлық қажетті мәлімет пен қызметтерді дер кезінде ұсынып отыр.

Кешіктірілген рейстер кейінгі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінен рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады.