Бұл көріністі әлі бірнеше күн тамашалауға болады
Елорданың қақ ортасында Абайдың цифрлық портреті көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаланың сол жағалауында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ең үлкен цифрлық портреті көрініс тапты. Диагоналі 65 метр болатын портрет 53 мың пиксельден астам жаңа LED-жарықтандырумен жабдықталған дөңгелекке орналастырылған, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Портрет қазақтың ою-өрнегімен және туымен көркемделген, – деп толықтырды ведомство.
Аталған іс-шара бүгінгі Абай күніне орайластырылған. Портрет пен анимация 16 тамызға дейін көрсетіледі.
Бұған дейін ақынның туған күніне орай елімізде және Астанада қандай шаралар өтетіні жайлы жазған едік.