Алматыда бір топ жігіт балдаққа сүйенген адамды көшеде аяусыз тепкілеген (ВИДЕО)

Халық үні

Ауыр соққы салдарынан ер адам жерде қимылсыз жатып қалды

фото: webdonsk.ru

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде бір топ адамның балдақпен жүрген ер адамды соққыға жығып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Видеодан алдымен 4 адамның қолында балдағы бар адамды қуып келе жатқанын көруге болады. Олар оны жаяу жүргіншілер жолына жеткенде ұстап алып, басынан аяусыз тепкілей бастаған. Ауыр соққы салдарынан ер адам жерде қимылсыз жатып қалды.

Істі Алмалы аудандық әкімдігі қолға алды деген ақпарат бар. Ал кінәлілер түк болмағандай бостандықта тайраңдап жүр. Бұл полиция қылмыскерлердің жағында екенін көрсетеді, – делінген Egov.press Telegram-арнасындағы жазбада.

Болған жағдайға қатысты Алматы қаласының полициясы пікір білдірді.

Алмалы аудандық полиция басқармасы осы дерекке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеудің жан-жақты, толық және объективті қағидаттарын қамтамасыз ету үшін процессуалдық шаралар кешені жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.