Елордада қараусыз жүрген малдың кесірінен 12 жол апаты болды

Динара Амантай

Полицияға 182 хабарлама түскен

Фото: Halyq Uni

Биыл елордада қараусыз жүрген малдың кесірінен 12 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, биыл жолда қараусыз жүрген мал туралы Астана полициясына 182 хабарлама түскен. Иесіз жүрген малдың жолға шығып кетуінен туындаған 12 жол апаты тіркелді.

Астана қаласының полиция департаменті мал иелеріне тиісті қадағалауды қамтамасыз ету және малдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына жол бермеу қажеттігі туралы ескертеді.

Тәртіп сақшылары иесіз жайылып жүрген малдың салдарынан ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрғындармен профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр.