2018 жылы ол 10,5 жылға сотталған
Банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығады, деп хабарлады Halyq Uni.
Сот Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды, – деп жазылған Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған еді.
2004 жылы банкир басына тиген оқтан ажал құшты. Тоқмәдиге «Абайсызда адам өлтірді» деген айып тағылды.
2017 жылы іс қайта қаралып, кәсіпкер Тәтішевті өлтіргенін мойындады.
2018 жылғы наурызда соттың үкімімен Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.