Мәжіліс депутаттары Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, суды ысырап ететіндерге салынатын айыппұлдың мөлшерін арттыру үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жобада су объектілерін пайдалануға арналған тыйым белгілерін жойғаны үшін айыппұлды арттыруды көздейтін норма бар:
- Жеке тұлғалар үшін 5-тен 50 АЕК-ке (18 мың теңгеден 184 600 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) дейін;
- Лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30-дан 300 АЕК-ке дейін (110 760 теңгеден 1 млн 107 мың 600 теңгеге дейін);
- Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 70-тен 700 АЕК-ке дейін (258 440 теңгеден 2 млн 584 мың 400 теңгеге дейін)
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100-ден 1000 АЕК-ке дейін (369 200 теңгеден 3 млн 692 мың теңгеге дейін).
Сондай-ақ су объектілерін заңсыз иеленгені үшін де айыппұл көлемі артады:
- Жеке тұлғалар үшін 30-дан 150 АЕК дейін (110 760 теңгеден 553 800 теңгене дейін);
- Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 40-тан 200 АЕК-ке дейін (147 680 теңгеден 738 мың 400 теңгеге дейін);
- Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 60-тан 300 АЕК-ке дейін (221 520 теңгеден 1 млн 107 мың 600 теңге дейін);
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 260-тан 1300 АЕК-ке дейін (959 920 теңгеден 4 млн 799 мың 600 теңгеге дейін).
Сонымен қатар суды мақсатсыз пайдаланғандарға да айыппұл өседі:
- Жеке тұлғалар үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін (36 920 теңгеден 184 600 теңгеге дейін);
- Лауазымды тұлғалар үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін (73 840 теңгеден 369 200 теңгеге дейін);
- Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-дан 150 АЕК-ке дейін (110 760 теңгеден 553 800 теңгеге дейін);
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 170-тен 850 АЕК-ке дейін (627 640 теңгеден 3 млн 138 мың 200 теңгеге дейін).
22 тамызға дейін жоба жұртшылықтың талқысына ұсынылады.