Зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады
Елдос Сметов аудан әкімі мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады, деп хабарлайды Halyq Uni жергілікті Тараз24 арнасына сілтеме жасап.
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Халық чемпионын бар сән-салтанатымен күтіп алды. Жылы лебіздерін білдіріп, ел үшін тарихи жеңісімен құттықтады.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов чемпионға су жаңа көліктің кілтін табыстады. Ал Елдос Сметов спорттағы алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға алғысын білдіріп, ауданы әкімі сыйға тартқан су жаңа көлігін мінгізді.
Спортқа қызығушылымды оятқан, осы спортқа деген махаббатымды оятқан – менің атам. Мен ол кісінің немере баласы боламын, сондықтан да атамды алдыға шығарып, баршаларыңызбен таныстырғым келіп отыр. Ол менің алғашқы бапкерім – Ахмет Жұмағұл деген кісі, - деді Елдос Сметов.
Айта кетейік, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.