×

Мас күйде көлік айдаған депутат жазаланды

Болған оқиғадан кейін Ербол Қасымғали депутаттық мандатын тапсыруға мәжбүр болды

 Қанат Атаманов 08.06.2022 | 19:20
Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе облысында депутат мас күйде көлік айдағаны анықталды. Ол 15 күн қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды. 

20 мамырда полицейлер Қарғалы ауданы Қайдауыл батыр көшесінде қалалық мәслихаттың депутаты Ербол Қасымғали тізгіндеген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Кейін депутат медициналық тексерістеннен кейін оның мас болғаны анықталды. Іс сотқа жіберілген.

Өз кезегінде депутат мас күйінде көлік айдағанын мойындамай, тексеріс нәтижесімен келіспеген. Сонымен қатар, қайта тексерістен өтуге құқығы бар екені түсіндірілмегенін айтқан.

Сот оның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешкен. Нәтижесінде ол 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Болған оқиғадан кейін Ербол Қасымғали депутаттық мандатын тапсыруға мәжбүр болды. 

Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Ербол Қасымғалидің «Ойл Гео Контракт» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейтіні көрсетілген.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама