×

Көшпенділер ойындары: теңге ілуден оқу-жаттығу өтіп жатыр

Оның барысында әлемдік додаға қатысатын теңгешілер анықталады

 Қымбат Елтайқызы 08.08.2024 | 17:40
фото: Көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

Теңге ілуден Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық құрама Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр, деп мәлімдеді ойындардың баспасөз қызметі.

Бұл оқу-жаттығу жиынында Көшпенділер ойындарына қатысатын 3 теңгеші анықталады. Еліміздің үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады, – деп қосты ведомство.

Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама