×

Досаев Парижде қайтыс болған басшының отбасына көңіл айтты

Ол марқұмның кәсіби маман болғанын есіне алды

 Дәурен Ерболат 08.08.2024 | 16:46
Фото: forbes.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Франция астанасында көз жұмған қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің отбасы мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

Ерден Хайруллин Рашидұлы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге зор үлес қосты. Біз үшін бұл – орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады, – деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Парижде қазақстандық шенеуніктің көз жұмғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама