Елордада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Қымбат Елтайқызы

Ол жерден түрлі ерекше зат сатып алуға болады

фото: Астана әкімдігі

Астанада Тәжікстаннан жеткізілген өнімдердің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бас қалада 10 және 11 тамыз күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, халық қолөнері және ұлттық тағамдары өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Іс-шарада жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіш және тағы басқалар болады. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар сатып алуға болады, – деп қосты ведомство.

Жәрмеңкенің негізгі сахнасында Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

Шара «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.