Жұмыс орнында ішімдік ішкен қызметкерлер анықталды
Ақмола облысының колледждерін тексеру барысында білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда 200-ден астам талаптар бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеген. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен. Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы болмай шықты.
Сондай-ақ, студенттердің арасында жүйелі түрде қорқыту фактілері анықталды. Аталған дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.