Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты іс қозғалғаны расталды
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын
Алматы полициясы кәсіпкердің арызы бойынша Әбдірахымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (Алаяқтық, аса ірі мөлшерде) аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымгер-оқытушы болып бастаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған. 1999-2008 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.
2008-2012 жылдары - ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы.
2012-2013 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2013-2015 жылдары - ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.
2015-2017 жылдары - Шымкент қаласының әкімі.
2017-2018 жылдары – Nur Otan партиясының хатшысы.
2018-2019 жылдары - Шымкент қаласының әкімі.
2019-2021 жылдары - ҚР премьер-министрінің кеңесшісі.
2021 жылдың қаңтарынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.