Астаналықтың 20 млн теңгесін иемденген директор сотталды

Динара Амантай

Сот үкім шығарарда оның баласының болуын ескерді

Фото: Halyq Uni

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған ер адамға қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, айыпталушы пәтерді сатып алу-сату саласында қызмет көрсетуге рұқсаты жоқтығына қарамастан, алдау арқылы астаналық әйелдің 20 млн теңгесін алып, өз қалауынша жұмсаған. Оның кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, әңгімелердің аудиожазбасымен, директор мен сотталушының арасындағы «WhatsApp» жазбаларымен дәлелденді.

Сотталушы кінәсін мойындамады, ал қорғаушы тарап қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтауды сұрады.

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған баласының болуын ескеріп, Е.-ны ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2) бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды, – делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушінің материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.